Туристерге Қатонқарағай паркіне кіруге уақытша шектеу қойылды

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіні кіруге уақытша шектеу қойылды.
Шектеу парк аумағындағы өрт қаупіне байланысты болып отыр. Мамандар тілсіз жаудың қауіп деңгейін 5-ші класқа жетқызған.
«Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізіледі. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – делінген хабарламада.
Бүгінгі күннен басталған шектеу қашанға дейін жалғасатыны әзірге айтылмады.
Бұған дейін, Euronews телеарнасы Қазақстанның туристік бағыттары туралы түсірілетін Modern Nomads бағдарламасының екі жаңа эпизодының түсірілімін аяқтағанын хабарлағанбыз. Түсірілім тобы Байқоңыр мен Қатонқарағай өңірлеріне сапар шеккен. Эпизодтар 2025 жылдың қыркүйек айында эфирге шығады деп жоспарланып отыр.