Алматыда 150 мыңнан астам вейп тәркіленді
Жарияланды

Алматыда 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабаралды.
Агенттік вейптер, дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатқан.
Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
«Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды. Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді», – делінген ақпаратта.
Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 1,8 млрд теңгенің вейпі тәркіленген.