Мешітте қызға «бір реттік неке» ұсынған ер адам қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
арест
Мешіт ішінде қызға тиіскен ер адам қамалды/фото: shutterstock

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде қызға тиіскен ер адам бес тәулікке қамалды.

Бұл туралы жәбірленуші – Ақтөбе тұрғыны Эммануэлла Наурызбаева Instagram парақшасында хабарлады.

Бірнеше күн бұрын ол әлеуметтік желіде мешіт кіреберісінде ер адамның оған интимдік мақсатта «бір реттік неке» ұсынғаны және жолын бөгегені түсірілген видеоны жариялаған.

Содан кейін «Нұр Ғасыр» мешітіне және Ақтөбе қалалық полициясына жүгінді.

Наурызбаеваның видеосынан кейін полиция видеодағы адамды анықтап, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі (Қоғамдық орында тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жолданды.

Жәбірленушінің айтуынша, сот 29 шілдеде өтті. Ер адам бес тәулікке қамауға алынды.

«Істі қарау барысында мынадай жайттар белгілі болды: бұл адам бұрын бұзақылық үшін қылмыстық жауапқа тартылған. 2025 жылдың қаңтарында ол тағы бір адамға дәл сол мешітте тиісіп, бұл бойынша да арыз тіркелген», – деді Наурызбаева.

Оның айтуынша, ер адам қамаудан босатылғаннан кейін оның психикалық өзгеруі бар-жоғын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз