ҰҚК бір ай ішінде қанша сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректі анықтағанын жария етті
Жарияланды

2025 жылы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 17 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша сараланған:
- лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 3;
- пара алу – 5;
- пара беру – 4;
- алаяқтық – 2;
- жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу – 1;
- лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 1;
- кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 1.
Сотқа 16 қылмыстық іс жолданды. Олар сеніп тапсырылған мүлікті иемдену, ақпаратты заңсыз жою, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, пара алу мен беру сынды баптарды қамтиды.
Аяқталған істер аясында мемлекетке келтірілген 113,6 млн теңге залал қайтарылып, 619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
ҰҚК бұл бағыттағы жұмысын жалғастыруда.