Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жаңа спорт саябағы пайда болмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жаттығу алаңы / фото: Алматы әкімдігі
Осындай жаттығу алаңы Алматыда әл-Фараби даңғылында салынады/ фото: Алматы әкімдігі

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында жаңа спорт саябағы салынады. Онда түрлі жаттығу құрылғылары болады.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы бұл жаңа жобаны қолға алғанын хабарлады. Бұл бастама жайлы қалалық орта құруға бағытталған.  

Велосипед тебу орны / фото: Алматы әкімдігі
Велосипед тебу орны / фото: Алматы әкімдігі

Бұл мақсатта Алматыда Әл-Фараби даңғылы және Дулати көшелерінің қиылысында заманауи FLOW Парк спорт саябағының құрылысы іске асырылмақ.

Жоба жеке инвесторлар «Kusto Home» ЖШС және «Time Group Construction» ЖШС-нің қолдауымен іске асырылады. Құрылысқа 3 млрд теңге қаржы бөлінген.

Жүгіруге арналған төсеме / Алматы әкімдігі
Жүгіруге арналған төсеме / Алматы әкімдігі

Саябақ құрылысы тек қана демеушілік қаражат есебінен салынады.  Бұған мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.

FLOW саябағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға және белсенді демалысқа арналған жаңа демалыс орынға айналмақ.

Серуендеуге арналған жол / фото: Алматы әкімдігі
Серуендеуге арналған жол / фото: Алматы әкімдігі

Болашақ саябақ аумағында велосипед және жаяу жүгіру жолақтары, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары, ойын және спорт алаңдары, сондай-ақ, тынығуға және сергітуге арналған аймақтар орналастырылады.

Саябақ бұрыннан бар ландшафтпен толық үйлесім табады деп сендіреді алматы әкімдігі.

Саябақ көрінісі / фото: Алматы әкімдігі
Саябақ көрінісі / фото: Алматы әкімдігі

Айта кететін жайт, Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.

Сондай-ақ оқыңыз