ForteBank 4 млн теңгеге жуық дивиденд алатын акционерлерін таппаған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Ахтам Зиперов

ForteBank 3,9 млн теңге алатын акционерлерін таппаған. Өйткені дивидендті аудару үшін олардың ағымдағы есепшоты болмаған. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.

Банк 2024 жылғы пайдасынан әр қарапайым акцияға 1,104 теңге, яғни  101 млрд 703  млн теңге төлеуі тиіс болған. Алайда кейбір акционерлердің ағымдағы төлем деректемелерінің болмауына байланысты тек 101 млрд 699 млн теңге төленген.

«Төленуі тиіс дивидендтерді алмаған жағдайда, бірінші абзацта көрсетілгендей 2024 жылға дивидендтер алуға құқығы бар «ForteBank» АҚ акционерлерінен ағымдағы төлем деректемелерінің болмауына байланысты төленбеген дивидендтерді алу үшін 2025 жылғы 4 тамызға дейін (4-ін қоса алғанда) тікелей Банкке жүгінуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Егер 4 тамызға дейін банкке барып үлгермесе, акционерлердің дивиденді «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-дағы талап етілмеген дивидендтер шотына аударылады. Акционрелер өзіне тиесілі ақшаны сол жақтан ала алады.

Жақында ForteBank-тің негізгі акционері Болат Өтемұратов өз үлесін 90,91%-дан 91,1%-ға дейін арттығаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз