Жаңбыр, найзағай:  6 тамыз күнгі ауа райы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Синоптиктер 6 тамыз күнгі ауа райы болжамын жариялады / фото: KursivMedia мұрағаты
Синоптиктер 6 тамыз күнгі ауа райы болжамын жариялады / фото: KursivMedia мұрағаты

6 тамыз күнгі ауа райы туралы синоптиктер болжам жасады. Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік пен орталықта жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы өңірлер бойынша:

Солтүстікте: +9…+26 °C

Орталықта: +11…+29 °C

Оңтүстікте: +16…+35 °C

Шығыста: +5…+25 °C

Батыста: +19…+35 °C

Астанада бұл күні күн бұлтты. Бірақ жауын-шашынсыз болады.

Температура +16…+24 °C шамасында.

Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с, бағыты ауыспалы.

Мұның алдында Аустралияны қар басып қалғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз