Банк ЦентрКредит мемлекеттен алған көмегін толық қайтармақ

Банк ЦентрКредит т (БЦК) мемлекеттен алған көмегін толық қайтармақ. Банк 2017 жылы банк секторын қолдау бағдарламасы аясында мемлекетттен жалпы 60 млрд теңге қарыз алған. Соның 30 млрд теңгесін қаржы ұйымы бұған дейін өтеді. Енді қалған 30 млрд теңге қарызды толық жаппақ. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.
Ол үшін БЦК 2017 жылы шығарылған 30 млн облигацияны мерзімінен бұрын кері сатып алады. БЦК-ның директорлар кеңесі бұл шешімді мақұлдап, арнайы сауда-саттық 11 тамызда өтеді.
Бұған дейін банк акционері Бақытбек Байсейітов мемлекеттен алғани көмекті 2026 жылға дейін қайтаратынын мәлімдеген.
Осылайша, БЦК мемлекет алдындағы қарызын толық өтеген екінші банк атанбақ. Бұған дейін мұны Halyk Bank мемлекеттен алған қарызын толық қайтарған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2017–2020 жылдары бірқатар банктерге, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен 15 жыл мерзімге көмек көрсетілгенін еске салған болатын.
2025 жылдың 1 сәуірдегі дерек бойынша, банк жай акцияларының 51,76 пайызы Бақытбек Байсейітовке тиесілі. Ал Владислав Ли 11,92 пайызын иеленсе, қалғаны желе инвесторлардың қолында