«Қайрат» – «Слован» ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Слован ойынын қайдан көруге болады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бүгін 6 шілде күні сағат 20:00-де Алматының орталық стадионында «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Словакияның «Слован» командасын қабылдайды.

Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

Жауапты ойын 12 тамызда Словакияда өтеді. Егер «Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жетсе, келесі раундтағы қарсыласы шотландиялық Селтик болады. Ал егер жеңіліп қалса, алматылықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетуді жалғастырады бұл турнирде де қарсылас анықталып қойған еді.

«Қайраттың» Еурокубоктағы биылғы жолы сәтті басталды. Бірінші іріктеу кезеңінде олар Словенияның «Олимпия» командасын қос ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын. Ал екінші раундта финляндиялық КуПС командасын 3:2 есебімен артта қалдырды.

Ал Братиславаның «Слован» клубы Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастап, сол кезеңде Босниялық «Зриньски» клубын сенімді түрде — 6:2 есебімен жеңіп шықты.

Сондай-ақ оқыңыз