Volkswagen Touareg моделін өндірістен шығарып, премиум сегмент үшін таласуды тоқтатты

Volkswagen Touareg моделінен бас тартып, өзінің ең жоғары деңгейлі модельдерінің біріне нүкте қоймақ, деп хабарлады Autocar.
Autocar инсайдерлерінің хабарлауынша, 2026 жылы бұл модельдің өндірісі тоқтайды. Оның орнын жақында таныстырылған Tayron басады деп күтіліп отыр.
Touareg алғаш рет 2002 жылы шығарылып, премиум-класқа жататын жол талғамайтын көлік ретінде Porsche Cayenne-мен бірге әзірленген. Екі модель де бір платформада құрастырылған. Touareg шығарудағы негізгі мақсаттың бірі – жоғары класты модель арқылы VW брендіне биік мәртебе беру болатын.
Дереккөз Touareg-ті өндірістен алу туралы шешім Volkswagen компаниясының басымдығы өзгергенін көрсететінін жазады. Tayron қазірдің өзінде арзанырақ балама ретінде ұсынылып, кеңірек аудиторияны қамтып отыр. Бұл модель қазіргі уақытта әлемнің негізгі нарықтарында сатылып, екі қатарлы не үш қатарлы нұсқада шығарылады. Tayron-ның 2.0 TSI 4Motion конфигурациясы 2500 кг дейін жүк тасымалдауға қабілетті әрі интерьері анағұрлым әмбебап.
Басылым Touareg-ке тікелей мұрагер жоспарланбағандықтан, бұл модельдің кетуі — Volkswagen-нің премиум сегментке ұмтылуының 23 жылдан кейін аяқталғанын білдіретінін жазды.
Бұған дейін, Volkswagen Қытайдағы зауытын жабатынын хабарлаған.