Асхат Аймағамбетовтің құрметіне мұғалім баласының атын Асхат деп қойды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Математик ұлына Асхат Аймағамбетовтың құрметіне Асхат деп азан шақырып ат қойған / фото: instagram
Математик ұлына Асхат Аймағамбетовтің құрметіне Асхат деп азан шақырып ат қойған / фото: instagram

Асхат Аймағамбетовтің құрметіне қазақстандық жас отбасы баласының атын Асхат деп қойды. Оған экс-министр батасын берді.  

Ұлды болған отағасы Нұрдәулет – мұғалім. Математика пәнінен сабақ береді. Есеп шығарудың оңай әдістері туралы блог жүргізеді.  

«Аллаға шүкір, Қуанышты бөліссең, көбейеді демекші, қуаныштан жүрек алып ұшып тұрғаны рас. Есімін ырымдап, Аймағамбетов ұстаз секілді еліне пайдалы азамат болсын деп Асхат деп қойдық», – дейді отағасы.

Депутаттың өзі бұған ризашылық білдіріп, үн қатты. Нәрестеге жүрекжарды тілек білдірді.

«Балапан Асхат, өмірің ұзақ, жолың ашық болсын! Еліңе, ата-анаңа қайырлы перзент болғайсың! Алла жар болсын!» – деп батасын берді Аймағамбетов.

Қазақ халқында елге сыйлы адамдардың атын ырымдап, балаға қоятын салт ежелден бар.

Мұның алдында Асхат Аймағамбетов Назарбаев мектебіндегі даулы іске пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз