Головкиннің жаттықтырушысы Серік Қалиев 22 жылдан соң түрмеден шықты

Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Серік Қалиев 22 жылдық бас бостандығынан айыру жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Orda.kz ақпаратына қарағанда, Қалиев Қазақстанның әуесқой бокс федерациясының бұрынғы президенті Асқар Құлыбаевқа қастандық жасау айыбы бойынша сотталған.
Ол Головкиннің өзге де танымал қазақстандық боксшыларды жаттықтырған. Жаттықтырушылық мансабы барысында Қалиев Геннадий Головкин, Серік Әлеуов, Павел Сторожук сынды спортшылармен жұмыс істеген.
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, бостандыққа шыққан сәтте Серік Қалиевтің денсаулығы ауыр жағдайда болған.
«Ол 22 жыл түрмеде отырды. Осы уақыт ішінде ұлы мен немерелерінің өскенін көре алмады, түрлі қиындықты бастан кешті. Түрмеде С гепатитін жұқтырып, бірнеше созылмалы ауруға шалдықты. Соның салдарынан бостандыққа шығу бірнеше рет кейінге шегерілді», – деді Омарова.
Заңгердің сөзінше, Серік Қалиев үшін қалыпты өмірге оралу – «нағыз тозақтан шығумен» тең болған.
Былтыр мамыр айында Головкиннің жаттықтырушысы болған Виктор Дмитриев қайтыс болған еді.