Ташкент маңында жер сілкінді
Жарияланды

Ташкент маңында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ республикалық сейсмоболжам мониторингі орталығы хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, дүмпу 8 тамызда таңғы сағат 08:58-де тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі сезілген аймақтар:
- Андижан облысы: 3 балл.
- Ферғана облысы: 2–3 балл.
- Наманган облысы: 2 балл.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жер сілкінді.