1 қыркүйектен бастап мектеп пен колледждерде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
1 қыркүйектен бастап барлық мектеп пен колледжде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады
1 қыркүйектен бастап барлық мектеп пен колледжде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады/Фото: shutterstock

Оқу ағарту министрлігі жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет барлық мектеп мен колледжде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингке қарсы «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізілетінін хабарлады.

Министрлік бағдарлама әлімжеттік оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен.

Ведомство мәліметінше, бағдарламаның апробациясы 9 өңіріндегі 50 мектепте жүргізіліп, буллингтің алдын алу жүйелері құрылған. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжірибелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептерінде байқалған

«Аталған мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті қолданылды. Бұл процесте арнайы антибуллингтік топтар мен кейінгі бақылау шаралары іске қосылды», – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова апробация нәтижелері оған мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың қатысуы жанжалдасу деңгейін төмендетіп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастыратынын көрсеткенін айтады.

Бағдарлама аясында 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлерін оқыту көзделіп отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 мыңнан астам маманға жеткізу жоспарланған.

Бұған дейін, балаларға буллинг жасағандарға жаза енгізілгеніне қарамастан, көп жағдайда іс ескертумен аяқталатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз