Кәсіпкерлердің құқығы бұзылғанына қатысты 3 мыңнан аса шағым түскен

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Қанат Нұровты қабылдады/фото: shutterstock

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қанат Нұровтың айтуыннша, кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты келіп түскен 3275 шағымның 1759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданған.

«Соның нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Жалпы, арыз-шағым саны 12 пайызға азайған», – делінген ақпаратта.

Сөзінше, бизнестің дамуын тежейтін басы артық әкімшілік кедергілерді анықтауға және жоюға баса мән берілген.

Нұров кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Кейбір жекелеген жағдаяттар бойынша тиісті реттеуші және құқық қорғау органдарына талап-арыз жолданған.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын одан әрі күшейту маңызды екеніне назар аударды.

Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз