9 тамызда елдің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ел аумағында екпінді жел тұрады / Фото: kursiv.media архиві   

Қазгидромет синоптиктері 9 тамыз, сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметінше ел аумағында екпінді жел тұрады, ал түнде және таңертеңгі уақытта  солтүстік, шығыс және орталық аймақтарды тұман торлайды.

 «Оңтүстік өңірлерде 36-41 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады, оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін барады. Қазақстанның батысында ауа температурасы төмендейді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градусқа дейін жылы болады. Ал еліміздің қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Сондай-ақ «Қазгидромет» алдағы үш аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Сондай-ақ оқыңыз