Шымкентте автобуста жолаушының шашын жұлған әйел сотталды

Жарияланды
Шымкентте автобуста жолаушының шашын жұлып, бетіне түкірген әйел сотталды / Фото: Shutterstock

Шымкентте №21 бағыттағы қоғамдық көлікте жанжал шығарып, жолаушыны ұрып-соғып, шашын жұлып, бетіне бірнеше рет түкірген әйелдің бас бостандығы айыпталушы кінәлі деп танылды. Сот оның бас бостандығын 1 жылға шектелді. Ол сотта кінәсін мойындаған.
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, «бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді» деп тапты.

«2025 жылдың 25 маусымында Шымкент қаласы Республика даңғылы бойында орналасқан «Рахат» аялдамасынан №21 қоғамдық көлікте бұзақылық ниетпен, жәбірленушінің шашынан ұстап, жұлқылап, бірнеше рет бетіне түкіріп, теуіп, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген», – делінген қалалық соттың баспасөз хабарламасында.

Айыпталушының кінәсі сот-медициналық сараптама қорытындысымен, түсірілген бейнежазбалар және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген. Ол кінәсін мойындаған және өкінген. Ал жәбірленуші айыпталушығы кешірім бермеген.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 108-бабымен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Судья сотталушыға жаза тағайындаған кезде оның кәмелет жасқа толмаған баласының болуын ескерген. Сот үкімі 6 тамызда шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында әлеуметтік желіде бірнеше әйелдің айқай-шу шығарған видеосы тарады. Онда шу шығарғандардың балағат сөз айтып, жолаушыларға қол көтергенін көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз