Торт дауы: блогер Аселина тағы бір адамның ақшасын төлемеген болып шықты

600 мың теңгелік торттың ақшасын төлемей, кондитермен болған жанжалдан кейін, блогер Аселина Батыр тағы бір төленбеген жұмыс жайлы даудың ортасында қалды. Бұл жолы жағдайды фотографтың құрбысы әлеуметтік желіде жариялаған. Ол блогермен жазысқан хат алмасу скриншоттарын бөлісті.
Автордың айтуынша, Аселина Батыр өзінің құрбысына сыйлық ретінде фотосессияға тапсырыс берген. Қызмет құны 40 мың теңге болған. Фотосессияның шарттары алдын ала келісілген, блогер ақшаны жіберуге уәде берген. Сол кезде Аселина АҚШ-та тұрған, ал түсірілім Қазақстанда өткен.
Алайда төлем жасау барысында қиындықтар туындаған. Жарияланған хат алмасуда бір ай бойы Аселина Батыр түрлі себептер айтып, ақшаны аудара алмай жүргенін жазғаны көрінеді. Кейін ол мүлде байланысқа шықпай қойған.
Тортқа қатысты оқиғадан айырмашылығы – бұл жолы блогер қызмет сапасы немесе бағасына қатысты ешқандай наразылық білдірмеген, хат алмасуда ондай сөз болмаған. Оның үстіне бұл жолғы сома әлдеқайда аз, бар болғаны 40 мың теңге еді.
Ақыр соңында фотограф ақшаны алды, бірақ оны блогердің құрбысы өзі төлеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аселина Батыр өзінің іс-шарасын торт тапсырыс беріп, кейінен бағасы 600 мың теңге болғанын естіп, ақшасын төлеуден бас тартты.