Демалыстан кейін күйзеліске түспеудің жолы қандай

Психологтар демалыстан кейін жұмысқа қайта оралу оңай емес екенін алға тартып отыр. Кейбір адамдар күйзеліске түседі.
Алайда қайта қалыпқа келу үшін алдын ала бірнеше қадам жасау керек. Психолог Наталья Наумованың VM-ға берген сұхбатында айтуынша, демалыстың соңғы бес күнінде кесте жасау қажет. Сонда дағдылы ырғағына қайта бейімделу жеңіл бола түспек.
Маманның сөзінше, жұмысқа қайта бейімделе алмай, қиналатын адамдарға бұл кеңес таптырмас көмек болмақ.
«Адамдар демалыста жиі кештерге қатысып, көңіл көтереді. Уақыт ырғағы бұзылады. Сондықтан жұмысқа шығуға бес күн қалғанда қалыпты күн тәртібіне көшу қажет. Әдетте, жұмыс күндеріндегідей уақытта ұйықтап, оянғаныңыз жөн. Егер адамның әдеттегі уақыт ырғағына оралуы қиын болатынын білсе, оған алдын ала дайындалған абзал», – деді Наумова.
Сондай-ақ, демалыстан кейінгі алғашқы күні достармен кездесу, киноға, мұражайға немесе мейрамханаға бару қажет. Маманның пікірінше, бұл күнді көңілді өткізуге себеп болады.
Мұның алдында логотерапияны Қазақстан мектептеріне енгізу ұсынылған еді.