Әзербайжан Армениямен бейбіт келісім мәтінін жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әзербайжан мен Армения шекарасында үшінші елдердің әскери күштерін орналастыруға тыйым салынады /фото: KursivMedia мұрағаты
Әзербайжан мен Армения шекарасында үшінші елдердің әскери күштерін орналастыруға тыйым салынады /фото: KursivMedia мұрағаты

Әзербайжан Армениямен бейбіт келісім мәтінін жария етті. Онда Кавказ аймағындағы тыныштықтың басты бес қағидасы көрсетілген.

Құжат бойынша, екі ел бір-біріне аумақтық талаптардың жоқ екенін мойындайды. Болашақта да бұдан бас тартады.

Баку мен Ереван бір-біріне қатысты күш қолданбауды немесе қауіп төндірмеуді міндетіне алады. Сондай-ақ үшінші тараптардың мұндай әрекеттеріне жол бермеуі қажет. Шекара бойында үшінші елдердің әскери күштерін орналастыруға тыйым салынады.

Осы келісім бойынша Әзербайжан мен Армения арасында дипломатиялық қатынастар орнатылады.

Тараптар экономикалық, транзиттік-транспорттық, экологиялық және мәдени ынтымақтастықты жолға қоюды жоспарлайды.

Баку мен Ереван келісімнің орындалуын қадағалау үшін арнайы комиссия құрмақ.

Мұның алдында Әзербайжан Армениямен бейбіт келісімге келген. Тоқаев Ильхам Әлиевті тарихи бейбіт келісіммен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз