Тоқаев Армения премьер-министрін құттықтады 

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Токаев и Пашинян
Токаев пен Пашинян. Фото: akorda.kz

Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбіт келісімге келуімен құттықтады.

Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Вашингтонда Армения мен Әзербайжан бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойған еді.

Қазақстан президентінің пікірінше, бұл тарихи маңызы бар құжат. Пашинянның саясаткер ретіндегі алғырлығының арқасында қол қойылған.

Декларация Оңтүстік Кавказдағы ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы анағұрлым қарқынды экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа жол ашады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрінің жыл соңына жоспарланған ресми сапарына Астана әзірлік жұмыстарын бастап кеткенін мәлімдеді. Қазақстан келіссөздерге өз алаңын ұсына отырып, Армения мен Әзербайжан арасындағы саяси диалогқа одан әрі септігін тигізуге ниетті.

Никол Пашинян Тоқаевқа жылы лебізі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Премьер-министр Қазақстанның Армения мен Әзербайжанды татуластыруға қосқан үлесін оң бағалаған. Өзара ынтымақтастықты жандандыратын жаңа келісімдерге қол қою үшін Қазақстанға биыл арнайы сапармен келуге дайын екенін айтқан.

Мұның алдында Әзербайжан осы бейбіт келісім мәтінін жария еткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз