Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы сотта ақталып шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұрат Досмұратов кінәсіз деп танылды/коллаж kursiv.media

«Атырау мұнай өңдеу зауытының» («ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес кәсіпорны) бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Досмұратовтың әйелі Назгүл Досмұратова жергілікті «Ақ Жайық» редакциясына хабарлаған.

Әйелдің сөзінше, Атырау облыстық соты Мұрат Досмұратовты толық ақтап, мемлекет атынан кешірім сұраған. Мұндай шешім прокуратура оның әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ екенін мойындап, барлық тағылған айыптан бас тартқаннан кейін қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот Мұрат Досмұратовқа қатысты сот үкімінің күшін жойды.

Досмұратов 2024 жылы Атырау қаласы сотының үкімі негізінде Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық кодекстің 71-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылды.

Сот үкімі бойынша Досмұратовтан мемлекет пайдасына 1 971 424 000 теңге мөлшерінде мүліктік залал өндірілетін болды.

Алайда 2025 жылы Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен алғашқы сот үкімі өзгертілді. Мұрат Досмұратовқа Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі бойынша 6 900 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкіміне Бас прокурор қарсы болған. Наразылығында Мұрат Досмұратовқа қатысты сот актілерін жою қажет екенін көрсеткен.

Бас прокурор сот актілерін жоюды және Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес қылмыстық істі тоқтатуды, Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Мұрат Досмұратовты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз