«Қайрат» Чемпиондар лигасында қанша ақша тапты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының (ЧЛ) іріктеу турында үш команданы артта қалдырып, плей-офф кезеңіне де жетті. Топтың кезеңге өтуге бір-ақ қадам қалды. Қазақстан чемпиондары дүбірлі турнирде қанша ақша тапты? Kursiv.Media есептеп шықты.
УЕФА 2024-2027 жылдарға арналған сыйақы қоры көлемін былтыр наурызда бекіткен. Чемпиондар лигасының «Қайрат» қатысып жатқан 2025-2026 жылдар маусымының сыйақысы осы құжат негізінде төленеді.
Осы құжатқа сәйкес, ЧЛ іріктеу турының плей-офф сериясына қатысатын клубтарға барлығы 30 млн еуро қарастырылған. Осы кезеңнен өтпей қалған командалар 4,29 млн еуро алады. Плей-офф жеңімпаздарына ешқандай төлем қарастырылмаған. Өйткені олар Лиганың топтық сайысына өтті.
Мәселен, «Қайрат» плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтиктен» жеңіліп қалса, 4,29 млн еуроны місе тұтады. Ал жеңіске жетсе, одан бірнеше есе көп пайда табады. Өйткені топтық сайысқа өткен 36 команданың әрқайсына 18,62 млн еуро төленеді. 13 тамыздағы бағаммен есептер болсақ, 11 млрд 712 млн теңге болады.
Табыс клуб жетістігіне қарай өсе береді. Жарыста жеңіліс көрмеген клуб, ТВ ақысын қоспағанның өзінде, 58,32 млн еуро жинай алады.
Осылайша, «Қайрат» қазірдің өзінде шамамен 2,7 млрд теңге табыс тапты.
«Қайрат» пен «Селтик» арасындағы алғашқы матч 21 тамызда сырт алаңда, қарымта ойын 27 тамызда Алматы қаласында өтеді.
Бұған дейін алматылық клуб словениялық «Олимпияны» 3:1, КуПС фин клубын 3:2, словакиялық «Слованды» 1:1 (4:3 пен.) есебімен жеңді.