Қазақстан экономикасы Ресей мен Қытайды басып озды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан экономикасы көрсеткіші алып көршілерді артқа тастаған / фото: KursivMedia мұрағаты
Қазақстан ЖІӨ бойынша алып көршілерін артқа тастаған / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстан экономикасы Ресей мен Қытайды да басып озды. Халықаралық валюта қоры осындай мәлімет жария етті.

Қазақстан жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша Қытай мен Ресейдің алдына шықты. Жалпы, посткеңестік кеңістікте алғашқы орынды иемденіп отыр.

Ресейдің жан басына шаққандағы табысы 14,26 мың АҚШ доллары болса, Қытайдікі 13, 69 мың АҚШ доллары болып отыр. Ал Қазақстанның көрсеткіші – 14,77 мың АҚШ доллары.

Мұндай жағдай 2015 жылы да тіркелген-ді. Қазақстанның ЖІӨ-сі Ресейді басып озған еді.

Мұның алдында ХВҚ 2027 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ-сі Еуропаның дамушы елдерін басып озады деп болжам жасаған болатын.

Мұның алдында Қазақстан экономикасы жеті айда 6,3%-ға көтерілгені хабарланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз