Маңғыстауда 11-сынып оқушысын «тәрбиелеймін» деп ұрып өлтірген ер адам сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Маңғыстауда 11-сынып оқушысын өлтірген ер адам сотталды/фото: kursiv.media

Маңғыстау облысында 11-сынып оқушысын «тәрбиелеймін» деп ұрып өлтірген ер адам сотталды.

Оқиға Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосының орталығынан өтетін темір жол астындағы су өткізуге арналған өткелде болған.

Сотталушы сол жерде 11-сынып оқушыларын жинаған. Ж. болмашы нәрсені себеп қылып, оларды «тәрбиелеу мақсатында» бір қатарға тұрғызып, кәмелетке толмаған жәбірленуші Қ.-мен С.-ның кеуде тұсынан ұрған. С. Ақжігіт ауылдық медициналық бекетіне жеткізіліп, алған соққыдан өз-өзіне келместен, қайтыс болған.

Мемлекеттік айыптаушы Ж-ны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен Ж. үшін кінәлі деп танылып, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Ақтөбеде қызды кепілге алып, ата-анасын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Сондай-ақ оқыңыз