Астанада республикалық тамыз конференциясы басталды
Жарияланды

Астанада республикалық тамыз конференциясы басталды. Ақорданың хабарлауынша, жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Ұстаздардың биылғы жиыны «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналады.
«Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар.
Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс», – деді президент.
Материал толықтырылып жатыр.