Қорғаныс саласында кадрлық ауыс-түйіс болды

Президент Қорғаныс мнистрлігі мен Әскери теңіз күштерінде кадрлық өзгеріс жасады.
Президент өкімімінен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрын атқарған Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков тағайындалды.
Серік Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесін, РФ Әскери университетін, РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасын, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курсты тәмімдаған.
Қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы. Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы секілді қызметтерді атқарған.
Ал Қанат Ниязбеков туралы ашық дереккөзде ақпарат жоқ.
Бұған дейін, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Алматының басқару құрылымын өзгерткенін хабарлағанбыз.