Алматыда дабылды ескерту жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда ауа райы қандай болады/коллаж kursiv.media

Алматыда 15 тамызда найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Синоптиктердің болжамына сүйеніп төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялады.

Ал қалада 16 тамызда өрт қаупі жоғары болады. Сол себепті департамент тұрғындарды ауа райын бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Оның ішінде тауға демалуға барғанда от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұрады.

«Құрғақ шөптерді әдейі қасақана өртейтіндер айрықша қауіп төндіреді, үй иелері мен бағбандар шабылмаған, ыстық күннен құрғаған шөп пен қоқысты жақын маңдағы аумақты ретке келтіру үшін әдейі жағады. 

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті алматылықтар мен қала қонақтарын ⁠қураған шөптерге темекі қалдықтарын тастамауға, құрғақ шөп жанында оқ жақпауға шақырды», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ от тұтанып кету қаупі бар сынған шынылар мен бос құтыларды қалдырмауды сұрады.

Айта кетейік, қазақстандық фермерлер егінін қуаңшылықтан сақтандыра алады

Сондай-ақ оқыңыз