Қызылорда облысында екі қабатты сауда үйі өртенді
Жарияланды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі қабатты сауда үйі өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен уақытта ғимарат шатыры опырып түсті. Өрт өршіп кетті.
Сауда үйіндегі өртті сөндіруге жиырма шақты адам мен алты техника жұмылдырылды. 288 шаршы метрге жайылған өрт сөндірілді.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Сауда үйі не себепті өртенгені әзірге белгісіз.
Осының алдында ТЖМ Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескерткен.