Қытайдың Баян-Нұр қаласында су тасып, тоғыз адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Су тасқыны / фото: shutterstock
Су тасқыны / фото: shutterstock

Қытайдың солтүстігіндегі су тасқынынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, тағы үш адам табылмай жатыр.

Сенбі күні түнде Ішкі Моңғолия өңіріндегі өзен арнасынан асып, Баян-Нұр қаласының шетіндегі қосынды шайып кеткен. Он үш адам суға аққан.

Шығыс Азия муссоны әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытайды әбігерге салып қойды. Елдің әр өңірінде су тасып, адам шығыны болып жатыр.

Баян-Нұр – Қытайдың солтүстігіндегі ірі ауыл шаруашылығы орталығы.

Бұған дейін Kursiv.Media Қытайдың Іле Қазақ өлкесінде аспалы көпір үзіліп, бес адам қаза тапқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз