Еуропа лидерлері Зеленскиймен бірге Трамппен кездесуге барады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Урсула фон дер Ляйен мен Владимир Зеленский / фото: shutterstock
Урсула фон дер Ляйен мен Владимир Зеленский / фото: shutterstock

Еуропаның бірқатар лидері Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге Вашингтонға барады. Трамппен кездесу үшін жолға шығатын саясаткерлер арасында Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Финляндия президенті Александр Стубб бар. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Зеленский жалғыз емес

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Ақ үйде дүйсенбі күні кездеседі деп жоспарланған. Ал жексенбі күні Еуропа елдерінің жетекшілері жабық жиналыс өткізді. Олар Украинаны қолдау, Трамп пен Зеленский кездесуіне дайындық мәселелерін талқылады.

Дереккөздер мәліметінше, жоспар әлі толық бекітілген жоқ. Ол соңғы сәтте өзгеріп кетуі де мүмкін. Бұған дейін Politico Рютте мен Стубб Вашингтонға барады деп хабарлаған.

Артынша Урсула фон дер Ляйен Ақ үйге барып, Трамппен кездесетінін әлеуметтік желіде растады.

«Зеленскийдің өтінішімен, мен ертең Ақ үйде президент Трамппен және басқа да еуропалық лидерлермен кездесуге қатысамын», – деп жазды Еуропа комиссиясының басшысы X желісіне.

17 тамызда түстен кейін Вашингтонға Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Италья премьер-министрі Джорджия Мелони де баратыны мәлім болды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин кездескен. Аляскағы саммит нәтижесіз аяқтал. Өйткені Украинадағы атыс тоқтаған жоқ, ешқандай келісім жасалмады. Ақ үй қожайыны да мақсат орындалмағанын мойындады. Путин саммитте Трамптан Украинада орыс тілі мәртебесін көтеруді талап еткені мәлім болды.

Аляскадағы саммит қарсаңында АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Путинге «бейбітшілік хатын» жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз