Шерзат ісі: адвокат Мейірман Шекеев қолдау сұрады

Адвокат Мейірман Шекеев бүгін Шерзат Полаттың өлтіргені үшін сотталған 8 сотталушының аппелляциялық шағымы қаралатынын мәлімдеді.
Сот отырысы өтетін мекенжайды да нақты атап көрсетті.
«Командамызбен сотқа дайындалып жатырмыз. Ақпарат ретінде барлықтарыңызға жеткізгім келетіні – 8 сотталушылардың аппелляциялық шағымы Алматы облысы сотының ғимаратында, Қонаев көшесі 5 мекенжайында қаралатын болады», – деді Мейірман Шекеев.
Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, Шерзат ісінде куәгер болған екі қызға, Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазекенов қатысты шыққан 1 сатының жеке қаулысында келтіріліген Дана Жақсыгелдінің де жеке шағымы қаралмақ.
«Бізді қолдап қойыңыздар. Баршаңызға рахмет», – деді Мейірман Шекеев.
Көпшілік адвокатқа сәттілік тілеп, әділдік орнайтынына сенім білдіріп жатыр.
Айта кететін жайт, Шерзат Полат ісіне куә ретінде қатысқан Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбековаға қатысты прокуратура тарабынан әлі ешқандай шара қолданылмаған. Бұл жайында Алматы облысы прокуратурасы жауабында айтылды.