«Артымнан төрт оқ атылды» – Берденов оқиға болған күнді еске алды

Жарияланды
Берденов читал молитву, лежа раненым у здания акимата
«Өкпемнің 20 пайызын алып тастады» – Берденов оқиға болған күнді еске алды / Фото: коллаж kursiv.media

Шымкент қалалық сотында өтіп жатқан Ернар Жиембайдың ісіне жәбірленуші қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов 21 сәуір күні оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Берденов жұмысын аяқтап, әкімдік ғимаратынан шыққаннан оқ атыла бастаған.

«Тура әкімшілікке шығып бара жатқан кезде басында Жиембай екенін білмедім. Бірінші оқ атты, тура бастан. Отырып үлгердім, басымның үстінен оқтың ұшқанын естідім. Қараңғы жаққа қарай ұмтылдым. Артымнан төрт оқ атылды. Мен жерге құладым. Қасыма келді де тағы да мылтығын оқтап жатты. Сөйтіп мен қансырап, өз-өзіме «қазір тұрмасаң өлесің» дедім. Бір қолым істемейді, қансырап тұрды. Тұрып, Жиембаймен алыстық. Қарудың жерге құлағанын естідім. Содан кейін Жиембай екі қадам артқа шегініп, қашуға әрекеттенді. Сол мезетте жүргізушім көлігімен қақты. Жиембай қашты. Одан кейін мен құладым. Маған сол жерде жүрген екі қыз келді. Біреуі медбике екен. Сол «ұйықтамаңыз, көзіңізді жұмбаңыз» деді. Ең бірінші көмекті солар жасады. Өкпем дем алмай жатқанын сездім. Себебі ауа бармай жатты. Ота кезінде де сол өкпемнің 20 пайызын алып тастады. Аузымнан қанның дәмін сездім. Сол кезде өмірімнің соңы шығар деп ойладым. Кәлимамды айтып жаттым», – деді Берденов.

Айта кетейік, Ернар Жиембайдың ісі сотқа Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бабымен түскен. Іс өндіріске 22 шілде күні қабылданған. Басты сот талқылауы 6 тамыз күні басталған

Сондай-ақ оқыңыз