Алматыда көлік жуу қызметкерлері мас күйінде көлікті айдап кетті
Жарияланды

Алматыда 17 тамызы күні түнгі сағат 23:30 шамасында Полевая көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, көлік жуу қызметкерлері мас күйінде клиенттің көлігін айдап шығып, серуендеуді ойлаған. Алайда көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады.
Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ: жүргізушілер де, жүргіншілер де аман. Бірақ көлікке қатты зақым келіп, толықтай жарамсыз болып қалды.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.