Жылуға артық төлегендердің ақшасы қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу құралы жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу аяқталғанын хабарлады.
Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 млрд 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қаражат қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетіледі.
Қаражатты қайтару барлық өңір бойынша іске асады. Атап айтқанда, Астанада тұтынушыларға 224,5 млн теңге, Алматыда – 74,2 млн теңге, Қарағанды облысында – 457,0 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 257,2 млн теңге, Маңғыстау облысында – 176,7 млн теңге, Қостанай облысында – 106,9 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 74,8 млн теңге, Ақмола облысында – 44,3 млн теңге, Павлодар облысында – 34,8 млн теңге, Қызылорда облысында – 23,9 млн теңге, Ақтөбе облысында – 24,1 млн теңге, Жамбыл облысында – 21,4 млн теңге, Абай облысында – 19,9 млн теңге, Атырау облысында – 11,0 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы – 3,4 млн теңге, Алматы облысында – 0,5 млн теңге, Түркістан облысында – 0,1 млн теңге, ал Жетісуда – 0,03 млн теңге қайтарылады.
Бұған дейін, елде коммуналдық тарифтер тағы 20-30%-ға қымбаттайтынын жазғанбыз.