Қазақстан мұғалімдеріне қаржы сауатын үйретеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Финансовая грамотность, учителя
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда мұғалімдердің қаржылық сауаттылығын нығайтуға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Жобаны Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырады.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде «Өрлеу» мамандары Ұлттық банктің 100 аумақтық бөлімшесінің өкілдеріне оқыту жүргізеді. Курстарда заманауи оқыту әдістері – коучинг, фасилитация, топтық динамика қолданылады. Сондай-ақ Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымы, инвестиция қағидаттары мен жеке активтерді тиімді басқару стратегиялары қарастырылады. Бұл мұғалімдерге заманауи білімді оқушыларға дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы қыркүйектен бастап негізгі кезең басталады. Онда жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде шамамен 6 мың мұғалім арнайы дайындықтан өтеді. 2026 жылы тағы 4 мың педагог қамтылмақ. Бес күндік бағдарлама практикалық модульдерді қамтиды, бұл мұғалімдерге қаржылық сауаттылық элементтерін күнделікті сабақ процесіне енгізуге көмектеседі.

Нәтижесінде оқушылар мен студенттер ақшаны ұтымды басқаруды үйреніп, қаржылық тәуекелдерден қорғану дағдыларын меңгереді. Мұғалімдер алаяқтық схемалар мен қаржылық пирамидалардан сақтандыруға ықпал етіп, халықтың қаржылық тұрақтылығын арттыруға үлес қоспақ.

Осыған дейін қазақстандық әйелдерге қаржылық сауат пен ЖИ-ді тегін үйрететін жоба басталғанын жазған едік. Аталған жоба жоба 10 мың адамға дейін қамтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз