Мүфтият: бес жыл тәжірибесі бар турфирмалар ғана қажылыққа апарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (Мүфтият) 2026 жылы қажылық пен ұмраға апаратын туристік фирмаларға байқау жариялады. Конкурс талаптары діни басқарма сайтында жарияланды.

Мүфтияттың үміткер турфирмаларға қажылық орындарын бөлудің ережесі алты талаптан тұрады:

  • «Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  • Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  • Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң бес жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
  • ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты) керек. 

    Мүфтият мәліметінше, құжат қабылдау 2025 жылғы 18 тамызда басталып, 31 тамызда аяқталады. Одан кейін жолданған өтініштер қабылданбайды.

    2025 жылы Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылық үшін 10 мың квота бөлді. Оны ұйымдастыруға 15 туристік фирма рұқсат алды.

    Сондай-ақ оқыңыз