«Достық – Мойынты», «Алматы айналма теміржолы» учаскелері мерзімінен бұрын аяқталады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
«Достық – Мойынты», «Алматы айналма теміржолы" учаскелері мерзімінен бұрын аяқталады
«Достық – Мойынты», «Алматы айналма теміржолы» учаскелері мерзімінен бұрын аяқталады Фото: ҚТЖ

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Министрдің мәліметінше, теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым. 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол құрылысын салу және жаңғырту жоспарланып отыр. 11 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі кезде 5 жоба бойынша жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар – «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы». Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталмақ. Олар «Достық – Мойынты» учаскесі және «Алматы айналма теміржолы». Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары іске қосылмақ. Сонымен бірге, биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелерінде кең ауқымды жаңғыртулар басталған.

«Бұл жұмыстарды жаңа жолдарды салумен бірдей дәрежеде қарастыруға болады. Мысалы, «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінің өткізу қабілеті 8 пойыздан 25 пойызға дейін, ал «Қандыағаш – Тобыл» 7-ден 25-ке дейін артпақ. Бүгінгі күнде аталған жобалар Қазақстанның теміржол негізін толығымен қалыптастырады деп айтуға болады», – деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін, Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқаруына өткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз