Такси нарығына кіруі сәтсіз болған компания екінші рет Яндекске бәсекелес болмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөз

Балтық елдерінің сервисі Bolt Қазақстан нарығында Yandex Go-ға бәсекелес болуды көздеп отыр. Компания алдымен электрсамокаттардан бастамақ, кейін такси қызметіне көшеді. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай қадам бәсекені күшейтіп, Yandex Go үстемдік етіп отырған жағдайда тұтынушыларға көбірек таңдау беруді мақсат етеді. Сауранбаевтың сөзінше, министрлік басты назарды жолаушылар қауіпсіздігі мен нарықтағы әртүрлілікті қамтамасыз етуге, бәсекелестікке жағдай жасауға аударып отыр. Осы мақсатта Yandex Go-ға балама ұсыну үшін әртүрлі компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр.

«Бағаның төмендеуі үшін өзге компаниялармен келіссөздер жүргізу керек. Қазір халықтың таңдау мүмкіндігі болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр.

Bolt алғаш рет 2021 жылы такси нарығына кіруге талпынған еді. Қытайлық DiDi компаниясы да дәл осылай ұмтылыс жасаған. Бірақ екеуі де көп ұзамай нарықтан кетті.

Министрдің айтуынша, аталған компаниялар нарыққа кіргенде жүздеген миллион доллар жұмсап, тарифті арзандатып, жүргізушілерді субсидиялаған. Соған қарамастан, Bolt қайта оралып отыр: алдымен электрсамокаттан бастап, кейін такси бизнесіне кіруді жоспарлайды.

Еске салайық, былтыр Көлік  министрлігі мен inDrive және Яндекс Go мобильді қосымша оперторларымен ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойған. Оған сай, inDrive, Яндекс Go жүргізушілері жылдамдықты асырса, жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін

Сондай-ақ оқыңыз