Қазақстан пойыздары Starlink пен OneWeb спутник интернетіне қосылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан пойыз
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы пойыздар Starlink және OneWeb спутник интернетіне қосылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев үкімет отырысында мәлімдеді. Үкімет жасанды интеллект, GPS және мультимедиялық сервистерді қамтитын теміржол саласын цифрландыруды бастайды.

«Пойыз жолаушыларын OneWeb пен Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – деді Жаслан Мадиев.

Министрдің айтуынша, Starlink-ті қазірдің өзінде пилоттық режимде «Астана – Бурабай» бағыты бойынша пойызда пайдалануға болады. Келесі кезекте – OneWeb желісін іске қосу.

Еске салайық, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстанда ресми түрде интернет қызметін ұсына бастады. Starlink технологиясы арқылы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтардағы тұрғындар интернетті пайдалана алады.

Сондай-ақ оқыңыз