Өртенген BIG Шанхай саудагерлерінің миллиардтаған қарызы бар

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ақша жоқ
Фото: shutterstock

Астанада «BIG Шанхай» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендер арасында 205 кәсіпкердің 2,5 млрд теңге берешегі бар. Саудагерлер 2 млрд теңгені банктерге, 480 млн теңгені шағын несие ұйымдарына қарыз. Депутат сауалына Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осылай деп жауап берді.

«Ақ жол» партиясының депутаты агенттікке өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде ұсыныс түсірген. Астана қаласындағы «BIG Шанхай» сауда үйі 18 шілдеде өртеніп кеткен.

Агенттік 333 адам зардап шеккенін, бірақ 205 саудагердің ғана банктерге берешегі барын айтқан. Қаржы ұйымдары олардың кредиті бойынша жеңілдік жасауға келісті.

Мәліметтерге қарағанда, 78 кәсіпкер алты айға жеңілдік алған. Олардың қарызы – 1,8 млрд теңге. 65 заудагер қолдау шарасынан бас тартқан. Олардың берешегі – 581 млн теңге.

Бұған дейін сауда үйінің кәсіпкерлері несие төлеу мерзімін кейінге шегере алатыны мәлім болған.

Астана қаласындағы «BIG Шанхай» сауда үйі 2014 жылы ашылған. Онда 90-нан аса бутик жұмыс істеген.

Сондай-ақ оқыңыз