US Open 2025: Бейбіт Жұқаев іріктеу сынын жеңіспен бастады (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бейбіт Жұқаев / фото: usopen.org видеосынан скриншот
Бейбіт Жұқаев / фото: usopen.org видеосынан скриншот

Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) іріктеу сынын жеңіспен бастады. 24 жастағы ақтаулық ағылшын Джек Пиннингтон Джонсты үш сетте – 3:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңді.

Жұқаевтың Үлкен дулыға санатындағы ірі турнирдегі алғашқы ойыны 3 сағат 45 минутқа созылды. Жерлесімізге мықты қарсыласпен ғана емес, жанкүйерлерге қарсы ойнауға тура келді. Өйткені стадионға ағылшын жанкүйерлері көптеп жиналып, жерлесіне қолдау көрсеткен.

Матч барысында Бейбітке бірнеше матчбол қайтарды. Екінші және үшінші сеттің тай-брейгінде америкалық бірнеше матчболға жетті. Алайда қазақ теннисшісі олардың бәрін қайтарып, соңғы екі сетте де жеңімпаз атанды. Мәселен, шешуші тай-брейк есебі 14:12 болғанын айта кеткен жөн.

Жұқаев 15 мәрте эйс орындап, допты ойынға қосу сәтінде 11 рет қателесті, 3 мәрте брейк жасады.

Матч аяқталған соң, Бейбіт жанкүйерлердің тынышталып қалғанын сезіп, олардан жеңімпазға қолдау көрсетуін ишаратпен сұрады.

Енді қазақ Бейбіт Жұқаев іріктеу сынының екінші раундында америкалық Закари Свайдаға қарсы ойнайды. Матч бүгін түнде өтеді. Дәл осы күні Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко да екінші айналымдағы кездесулерін өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз