Қытайлық DeepSeek жаңа нұсқасын шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әлемді дүр сілкіндірген DeepSeek қалай жұмыс істейді?
 DeepSeek жаңа нұсқасын шығарды / фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайлық DeepSeek компаниясы V3 жасанды интеллект моделінің жетілдірілген нұсқасын – жаңа V3.1-ді шығарды. Оны тестілеуге дайын екенін жариялады деп хабарлайды Bloomberg.

Компанияның WeChat-тағы ресми тобында жарияланған ақпаратқа сәйкес, V3.1 моделі бір сұрақ аясында әлдеқайда көп ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді, ұзақ диалогтарды қолдай алады.

DeepSeek моделінің жоғары жұмыс жылдамдығы мен танымалдығы осы нарықтағы басты ойыншының бірі OpenAI-ға айтарлықтай бәсеке тудырып отыр. Бұл қытайлық компаниялардың ЖИ саласында әлдеқайда аз шығынмен де әсерлі нәтижелерге жете алатынын көрсетті деп жазады Bloomberg. Мәселен, биыл жылдың басында шыққан R1 моделі батыстық баламалардың бірқатарынан стандартты метрикалар бойынша асып түсіп, нарықты таңғалдырған.

Соған қарамастан, DeepSeek жанкүйерлері әлі де R1-дің мұрагері саналатын R2 моделінің релизін күтіп отыр. БАҚ оның кешігуін кейбір компоненттердің істен шығуымен және компания бас директоры Лян Вэньфэннің перфекционизмімен байланыстырады.

Бұған дейін OpenAI компаниясы GPT-5 технологиясын таныстырған. Оның тегін нұсқасында алғаш рет «ойлау қабілетін» қолданатын модель бар. Бұл жүйе күрделі тапсырмаларға бірден жауап бермей, алдын ала ойланып барып шешім қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыз