10 еуропалық мемлекет Украинаға әскер жіберуге дайын

Кем дегенде 10 еуропалық мемлекет Украинаға өз әскерін жіберуге дайын. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.
Агенттікке сұхбат бергендердің айтуынша, еуропалық шенеуніктердің кездесуінде Ұлыбритания және Франция, Украинаға әскерлерді жіберу, олардың саны, орналасуы жайлы мәселені талқылаған.
Әзірге көмек жіберуге дайын басқа мемлекеттердің аты аталған жоқ. Америкалықтардың да қаншалықты дәрежеде қолдау көрсететін нақты белгісіз.
Bloomberg жазуынша, Украина үшін қауіпсіздік кепілдік пакеті осы аптада дайын болады. Сондай-ақ Путин мен Зеленскийдің кездесуі алдында еуропалық мемлекеттер Киев позициясын барынша нығайтуға тырысып жатыр.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропаның жеті елінің жетекшісі Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропаның жеті елінің жетекшісі Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі 18 тамызда өткен еді. Оның нәтижесі бойынша, Киев АҚШ-тан 90 млрд долларға қару-жарақ сатып алатын болды, ал ақысын Еуропа елдері төлейді.