«Қайрат» – «Селтик» матчының билеттерін алыпсатарлар 10 есе қымбатқа сатып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат – Селтик: билеттер 10 есе қымбатқа сатылуда
Қайрат – Селтик: билеттер 10 есе қымбатқа сатылуда / коллаж: kursiv.media

«Қайрат» – «Селтик» матчының билеттерін алыпсатарлар 10 есе қымбатқа сатып жатыр. «Қайраттың» мәліметінше, матчқа 100 мыңнан астам өтінім түскен.

Тикетон ресми сайтында билеттердің бағасы 5 мыңнан бастап 10–15 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Алайда ресми сатылым аяқталысымен алыпсатарлар OLX пен әлеуметтік желілердегі топтарды «жаулап алды». Кейбірі бағаны екі есе көтеріп сатса, енді біреулер 10 есеге дейін қымбаттатып, 100–200 мың теңгеге дейін жеткізген.

Айта кетейік, матч Алматыдағы Орталық стадионда 26 тамыз күні сағат 21:45-те өтеді.

Жанкүйерлердің наразылығы

Әлеуметтік желіде жанкүйерлер билеттердің алыпсатарлардың қолына өтіп кеткеніне қатты ашулы. Пікірлердің басым бөлігі билеттерді қымбатқа сатып алмауға шақырады:

  • «Алыпсатарлардан сатып алмайық. Бірінші таймда кірмей, бос стадион қылып қояйық. ЛЧ-дағы бос трибуна – масқара, бірақ алыпсатарларға ақша беру – одан да жаман».
  • «Халық болып бойкот жариялайық! Сонда бәрімізге билеттер әділ жетеді».
  • «Мен матчқа бармаймын! Алыпсатарлар өздері отырсын бос орынға».

Көпшілік билетті ресми сайттан сатып үлгермегендерге жанашырлық танытып, алыпсатарларды «спортқа дақ түсірушілер» деп айыптап жатыр.

Алматыда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта ойынына билеттер небәрі бір жарым сағаттың ішінде сатылып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз