Алматы әуежайында шетелдіктен 3 келі есірткі табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы әуежайында ұсталған шетелдік бейтаныс адамнан сәлемдеме алғанын айтқан / фото: КursivMedia мұрағаты
Алматы әуежайында ұсталған шетелдік бейтаныс адамнан сәлемдеме алғанын айтқан / фото: КursivMedia мұрағаты

Алматы әуежайында Тайландтан ұшақпен ұшып келген 42 жастағы шетелдік ұсталды. Оның жүгінің ішінен 3 келіден аса есірткі табылды.

Полицияның мәліметінше, наша бірнеше пакетке оралып салынған көрінеді. Шетелдіктің сөзіне қарағанда, ол бейтаныс адамның өтінішін орындап, сәлемдеме алған. Ішінде не бар екенін тексеріп те көрмеген.

Есірткі зат салынған сәлемдемені оның қолына Бангкоктың әуежайында ұстатыпты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция жолаушыларға өзге адамдардан сәлемдеме алмауға шақырып отыр. Қамсыздықтың құны тым қымбатқа түсетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз