Қазақстандықтардың басым бөлігі үш тұғырлы тілді қолдайды – сауалнама қорытындысы

Қазақстанда үш тұғырлы тілді қолдайтындар көп. DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы жүргізген сауалнамаға қатысқан әр үшінші респондент барлық тіл тобының құқығын тең сақтай отырып, тіл алуандығын дамытуды қолдайтынын жеткізген.
Үш тұғырлы тіл
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Тіл саясатының тиімділігі және қазақ тілін дамыту» тақырыбы бойынша қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізген.
«Мейлінше қолайлы тіл саясатын бағалауға келгенде қазақстандықтардың пікірі теңдей бөлінді деуге болады: әр үшінші респондент (33,8%) барлық тіл тобының құқығын тең сақтай отырып, тіл алуандығын дамытуды қолдайды, үштен біріне жуығы (30,8%) орыс және ағылшын тілдерінің рөлін сақтай отырып, қазақ тілін белсенді дамыту қажет деп санайды», – делінген бюро хабарламасында.
Десе де, мансап жолы мен кәсіби қызметтегі тілдің қажеттілігіне қатысты көрсеткіш бойынша қазақ тілі көш бастаған. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың дені яғни 80,1%-ы қазақ тілін білу қажет деп санайтынын жеткізген. Ал респонденттердің 35,5% яғни, үштен бірінен астамы орыс тілі маңызды деген. Ал 23,8% респонжент ағылшын тілінің маңызды тілдер санатына жатқызған.
Қазақ тілін дамыту жоспарына көпшілік көңілі тола ма?
Сауалнама барысында қатысушылардан қазақ тілін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне баға беру сұралған. Оларға бұл жұмысты бес балдық шкаламен бағалау ұсынылған. Мұндағы 5 өте тиімді дегенді білдірсе, 1 мүлдем тиімсіз дегенді білдіреді. Мемлекеттің тілге қатысты жұмысын сұралғандардың жартысы тиімді деп санайтыны анықталған (47,2%). Ал 18,2%-ы тиімді деуге болады деп санаса, 28,5% респондент қолданыстағы мемлекеттік тілді дамыту саясатын нәтижесіз деп есептейді екен. Оның ішінде 4,5%-ы мүлдем тиімсіз десе, 24%-ы жеткілікті деңгейде тиімді емес деген көзқараста.
«Таяу уақытқа дейін Қазақстанның негізгі тіл тұжырымдамасы үш тұғырлы тілді дамыту болатын, қоғамның қазақ (мемлекеттік тіл ретінде), орыс (ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде) және ағылшын тілдерін (жаһандық экономикаға араласу тілі ретінде) меңгеруін көздейтін стратегияны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы жариялаған.20 жылға жуық жүрген мұндай үш тұғырлы тіл үлгісінің нәтижесін табысты болды деу немесе қазақстандықтардың көпшілігі күнделікті басшылыққа алған бағдар болды деу қиын», – делінген DEMOSCOPE қорытындысында.
Әйткенмен, сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы бұл идеяны қолдайтынын жеткізген. Олар үш тұғырлы тілді әлі де өзекті деп санайды. Респонденттердің 31,8%-ы «өзекті шығар» деп сенімсіз жауап берген болса, 12,7%-ы «өзекті емес» және «мүлдем өзекті емес» деп санайды.
Қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға не кедергі?
Сонымен бірге саулнама барысында қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға не кедергі болып отырғаны сұралған. Азаматтар тіл мәртебесін көтеруге мына жайттырдің кедергі болып отырғанын айтқан:
- Кәсіби оқытушылар жеткіліксіз (26,4%)
- Халықтың қазақ тілін үйренуге ынтасы төмен (23,9%)
- Сапалы оқу құралдары мен тіл орталықтары тапшы (21,5%)
- Оқыту әдістемесі тиімсіз (16,3%)
- Қазақстан Ресейдің ақпарат кеңістігіне көп ереді (15,7%)
- Тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы жемқорлық (12,2%)
- Тілдің қолданыс аясының шектеулі болуы (9,2%)
- Ешқандай кедергі жоқ (17,4%).
Қай тілдегі білім сапасы жоғары?
Сонымен бірге сауаланамаға қатысқандарға қай тілдегі білім сапасы жоғары деген сұрақ та қойылған. Жауап бергендердің 37,7%-ы қазақ тіліндегі білімді сапалы деп санайтынын жеткізген. Ал 23,3%-ы орыс тілінде сапалы білім беріледі деп есептесе, 4%-і ағылшын тіліне басымдық берген.
«Ересек кезеңде қазақ тілін үйрену мүмкіндігі – «тіл мәселесін» шешудегі тағы бір маңызды тақырып. Сауалнама нәтижесі жанама түрде қоғамдық инфрақұрылым мен тиімді оқыту әдістемесі жоқтығын, сонымен қатар қолданыстағы ересектерді оқыту үлгісіне табысты шетелдік тәжірибе мысалында аудит жүргізу қажеттігін көрсетіп отыр. Сауалнама барысында респонденттердің жартысына жуығы 18 жастан асқаннан кейін қазақ тілін меңгерген адамды кездестірмегенін айтты. 33,5%-і бірнеше жағдайды ғана біледі, ал 15,5%-і мұндай мысалды көптеп кездестіргенін айтты», – делінген сауалнама қорытындысында.