АҚШ пен Ұлыбритания қырғыз банктеріне санкция салды – Садыр Жапаров түсініктеме берді

Қырғыз банктеріне АҚШ және Ұлыбритания үкіметінің санкция салуына қатысты Садыр Жапаров түсініктеме берді.
24 ақпаратына қарағанда, Қырғызстан президенті тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ел банктерінің Ресейге қарсы салынған шектеулерін айналып өткеніне бірде-бір айғақ жоқ. Садыр Жапаров мұны батыс елдерінің экономиканы саясиландыру әрекеті деп бағалап отыр.
«Қаңтар айында АҚШ «Керемет Банкіне» қарсы санкция салды. Шектеулерді айналып өтуге қатысқан деп мәлімдеме жасады. Алайда олар бұл сөзін растайтын бірде-бір дерек келтіре алмады. Келтіре де алмайды. Өйткені, мұндай фактілер атымен жоқ», – деді Садыр Жапаров.
Оның айтуынша, енді Ұлыбритания «Капитал Банкке» санкция салып отыр.
«Тағы да ешқандай дәлел жоқ. Бәрі күдікке құрылған», – деді қырғыз көшбасшысы.
Президенттің сөзінше, Қырғызстанда 21 банк бар. Барлық банк санкцияға ұшырамауы үшін, билік тек қана мемлекеттік банк – «Керемет Банк» рубльмен жұмыс істейтін болады. Барлық операцияларды мемлекет бақылайды. Тамыз мемлекет қазынасына тікелей түседі.
Мұның алдында Қырғызстанда жұбайының қабірінің жанынан орын дайындап қоюға рұқсат берілгені туралы ақпарат тарады.