Енді құзырлы органдар қазақстандықтардың жүріп-тұрғаны туралы мәліметті алып отырады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Енді құзырлы органдар қазақстандықтардың жүріп-тұрғаны туралы мәліметті алып отырады
Енді құзырлы органдар қазақстандықтардың жүріп-тұрғаны туралы мәліметті алып отырады/Фото: shutterstock

Көлік министрлігі қазақстандықтардың әуе, теміржол және теңіз көлігімен жасаған сапарлары туралы мәліметті мемлекеттік органдарға беріп отыруды көздейтін бұйрық әзірледі.

Қандай деректер жиналады

Енгізілетін өзгеріске сай, тасымалдаушылар немесе билетті сатушы тұлғалар азаматтардың сапары туралы меліметтер мен олардың жеке деректерін мемлекеттік органдарға беріп отырады. Оның ішінде азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басты куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі, жүру күні мен орны, баратын пункті, бағыт түрі, сондай-ақ жолаушының келісімімен байланыс деректері беріледі.

Әуе жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қосымша маршруты, азаматтығы, туған күні, рейс нөмірі, багаж бен отырғызу орны туралы деректер, төлем тәсілі, брондау тарихы және басқа да параметрлер сияқты мағлұматы беріледі.

Теміржол көлігінде деректер көліктік автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ «Экспресс») арқылы, теңіз көлігінде тасымалдаушылардан тікелей алынады.

Мәліметтер кімге және қалай беріледі

Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізіледі. Әуе көлігінде деректер халықаралық API және PNR стандарттарына сай бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы автоматты немесе қолмен жіберіледі. Теміржолда деректер мәтіндік форматта беріледі. Мәліметтер базада 5 жыл бойы сақталады.

Бұйрықта мұндай шара ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм актілерінің алдын алу, трансұлттық сипаттағы ұйымдасқан қылмыспен күрес және әуе, теміржол және теңіз қауіпсіздігін нығайту секілді мақсаттар үшін қолданылатыны айтылады.

Бұған дейін, Youtube пен TikTok-тан табыс табатын қазақстандықтардың кірісі бақыланатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз