Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды / фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды / фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Тоқаевты Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

«Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады», – делінген Ақорданың баспасө қызметінің хабарламасында.

Қырғызстан қазақ елінің көшбасшысын «салтатты көшпенділер сарбаздар» қаз-қатар тізіліп қарсы алса, ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсеткен. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық киімдегі қырғыз биші қыздары мың бұралып, би биледі.  

Сондай-ақ оқыңыз